18 наурыз – «Игі істер күні»

19.03.2021

Бүгінгі іс - шаралардың басты міндеті - игі істер жасауға, жанашырлық пен қайырымдылыққа, бір-біріне мейірімді қарым-қатынас жасауға қажеттілікті қалыптастыру.

Мерекенің әзірленген тұжырымдамасына сәйкес, бұл күні әр адам мүмкіндігінше игі істер жасайды, еріктілердің қатысуымен түрлі іс-шаралар өткізіледі. Әрбір отбасы жақсылық жасап, ата-бабаларын еске алады, жеті шелпек таратады.

Дәстүр бойынша біздің колледжде қайырымдылық іс-шара ұйымдастырылды. Бұл күні мұқтаж студенттерге заттар таратылды. Олар өздеріне қажет заттарды, киім, аяқ-киімдерді таңдап, ризашылық білдірді.

Игі істер марафоны - бұл ұйымдар мен қарапайым қазақстандықтарды біріктіретін жалпыұлттық іс-шара. Бұл біздің колледж үшін жақсы әдетке айналады.

Жалпыадамзаттық адамгершілік құндылықтарды құрметтеу, толерантты белсенді өмірлік ұстаным - бүгінгі күннің ұраны!

Колледж кітапханасында «Сүйікті кітаптар сыйла» акциясы өтті, оған оқытушылар мен студенттер белсенді қатысты. Кітапханаға оқу, техникалық және көркем әдебиет сыйға тартылды.

Басқалар үшін қуану, мейірімділік жасау адам бақытының негізін құрайды. Кейде қартайған шағында адам жалғыз қалады. Егде адамдардың жалғыз қалуының себебіне қарамастан, олар да қамқорлық пен жан жылуын қалайды. Мұқтаж адамдарға көмек, қолдау көрсету әр адамның қолынан келетін іс.

Ерікті студенттердің сапары зейнеткер Галина Герасимовна Бабарыкина үшін қуанышты сәт болды, ол балаларға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреді.

Бірақ ол жас ұрпақтың көмегі мен қолдауына мұқтаж жалғыз адам емес.

Балалардың әлі де жасайтын көптеген игі істері бар!

Ежелгі заманнан бері қазақ халқының ең басты ерекшелігі қонақжайлылық пен жомарттық болды. Қазақтың ұлттық асханасында халықтың жаны, оның тарихы, салт-дәстүрлері көрініс тапқан. Құрметті қонақты қуана қарсы алып, ең құрметті орынға жайғастырып, үйдегі ең жақсысымен дастарқан жайды.

Біз, біздің тату ұжымымызбен, осы дәстүрді қолдадық.

Қазылар алқасының назарына қазақ, орыс, украин және басқа да халықтардың тағамдары ұсынылды. Топтар іс-шараға өте жауапкершілікпен қарап, өз тағамдарын қызықты және айқын ұсынды.

Қазылар алқасы қатысушыларды келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтап, балалардың күш-жігерін бағалады.



Текст
Виртуальная приемная